0103000 – Дене тәрбиесі және спорт

Шифр – мамандықтың атауы:

0103000-Дене тәрбиесі және спорт.

Біліктілігі:

0103023-Дене тәрбиесі және спорт пәнінің мұғалімі.

Оқу түрі, мерзімі:

Күндізгі: 3 жыл 10 ай, 2 жыл 10ай.

Кәсіби қызметінің нысандары:

Дене шынықтыру және спорт мамандығының кәсіби қызметінің нысандары балалар – жасөспірімдер спорт мектептерінің түрлері, типтері.

Кәсіби қызметінің пәні:

Дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша кәсіби қызмет пәні: дене тәрбиесі, спорттық жаттығу, рекреация және қайта қалпына келтіру жүйесін іске асыру бойынша педагогикалық процесс болып табылады.

Кәсіби қызметінің түрлері:

Дене шынықтыру және спорт мамандығының мұғалімі  кәсіби қызметтің келесі түрлерін атқара алады: білім беру (педагогикалық)-тәрбие, оқыту, тұлға қалыптастыру мен дамыту; педагогикалық үдерісті басқару; диагностика, түзету, педагогикалық қызметтің нәтижелерін болжау; дизикалық білім саласындағы озық инновациялық тәжірибені зерттеу, жалпылау, тарату.

Практика базасы:

№33 орта мектеп.