0512000 – Аударма ісі

Шифр – мамандықтың атауы:

0512000 – Аударма ісі.

Біліктілігі:

0512013- Аудармашы.

Оқу түрі, мерзімі:

Күндізгі: 2 жыл 10ай.1 жыл 10 ай.

Кәсіби қызметінің нысандары:

Бітірушілердің кәсіптік қызмет нысаны болып мәдениет мекемелері, халықаралық ұйымдар, әр түрлі ақпараттық-талдау орталықтары, елшілік өкілдіктер,туризм агенттігі, баспалар, аударма бюросы және басқа да ұйымдар мен кәсіпорындар табылады.

Кәсіби қызметінің пәні:

Түрлі жанр мен стильдегі түпнұсқа мәтіндерін аудару түрлері.

Кәсіби қызметінің түрлері:

  • аудармашылық (түрлі жанрдағы мәтіндер мен құжаттардың жазбаша аудармасы, келіссөздер, халықаралық кездесулер мен конференциялардың ауызша аудармасы);
  • ұйымдастырушылық (түрлі шараларды ұйымдастыру және өткізу, кәсіби және қоғамдық органдар мен ұйымдарды құру);
  • ақпараттық-талдау (саяси әлеуметтік талдау жасау, ресми іс қағаздар жазу, есептер, шолу, жағдайларда болжау жасау, аударманы редакциялау).

Практика базасы:

«Телис-LTD» ЖШС.