«Компьютерлік графика» (CorelDraw) курсы

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің Үздіксіз білім беру институтының жоспарына сәйкес Гүлназ Байдрахманованың жетекшілігімен «Компьютерлік графика» (CorelDraw) ZOOM платформасы арқылы колледждің педагогикалық ұжымына біліктілікті арттыру курсы өткен болатын. Курс барысында компьютерлік графиканың түрлерімен танысып, оларды тиімді қолдану әдістері таныстырылды. Осы орайда үй тапсырмасы ретінде «Corel DRAW графикалық редакторының көмегімен әртүрлі тапсырмалар орындалды. Курс өте танымды, әрі жоғары деңгейде өтті.