Адалдық сағат

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен білім беру мекемелерінің қорытынды жалпыреспубликалық “Адалдық сағатын” “Адалдықты мұра еткен Ұлы Абай” тақырыбында тікелей эфир өтті. Қашықтықтан оқыту форматына көшуіне байланысты акция дәстүрлі кездесулердің орнына онлайн режимінде танымал Facebook және YouTube желілері арқылы жүргізілді. Оқу жылының соңында ұлы ойшылдың 175 жылдығына орайластырылып, онлайн-дәріс тақырыбы «Адалдықты мұра еткен Ұлы Абай» болып анықталды.

Аталған акцияны біздің студенттеріміз қолдайды.

Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы!

Елдің болашағы – жас ұрпақтың қолында!