Цифрландыру апталығы

02.12.2020 жылы сағат 16:00-де «Цифрландыру апталығы» аясында ШМ-103, ШМ-106/1 топтарында, топ кураторы Бекмуханов Т.Е. ұйымдастыруымен «Цифрландыру бүгінгі білім берудегі негізгі бағыт» атты ашық куратор сағаты өтті. Куратор сағаты барысында: топ кураторы және топ білім алушылары тақырып бойынша дайындаған баяндамаларын оқып, басқа топ білім алушыларына және қонақтарға ақпарат берді. Әрі қарай кураторлық сағат интеллектуалды ойындармен жалғасты. Білім алушылар белсенділік танытып, интеллектуалды ойындарға жоғары деңгейде атсалысты.