Саяси қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу
«31-ші мамыр Саяси қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу» күніне орай Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ Жоғары көлледжі » Алаш туы астында,күн сөнгенше сөнбейміз » тақырыбында ZOOM платформасы арқылы дөңгелек үстел ұймдастырды. КСРО қоғамында 1928 жылдан бастап И.В.Сталин дүниеден озғанға дейін,яғни 1953 жылға дейін Қазақ және басқада Одаққа кіретін елдерде «Ұлы нәубет » кезеңі белең алды . Осыған орай шараның басы қасында жүрген Жоғары колледж директорының тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары ,аяулы ұстаз апайымыз Ақжігітова Бибігүл Жақсыбаевна жастарға тәрбие беру мақсатында тебірене сөз алды. Жәнеде аталмыш оқу орны Жоғары колледж оқытушылары тарих,педагогика ғылымдары магистрлері Сақтағанова Айдана Нұрашевна «1937-1938ж. Сталиндік репрессиялар » және Абдукаримов Нұралы Қабисұлтанұлы » «Алаш»ұғымын Арынан биік қойған Арыстар! » атты тақырыпта оқытушыларымыз Қылышынан қан тамған «Қызыл империяның » саяси жүйесін көз алдымызға келтіргендей баяндама жасады. Аталмыш шарада тыңдаушы білім алушымен оқытушы,көрермендер «Саяси қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарының» зұлмат замандағы тағдырымен,Алаш қоғамы Арыстары тарихымен танысты.