Саяси қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу

«31-ші мамыр Саяси қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу» күніне орай Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ Жоғары көлледжі ” Алаш туы астында,күн сөнгенше сөнбейміз ” тақырыбында ZOOM платформасы арқылы дөңгелек үстел ұймдастырды. КСРО қоғамында 1928 жылдан бастап И.В.Сталин дүниеден озғанға дейін,яғни 1953 жылға дейін Қазақ және басқада Одаққа кіретін елдерде “Ұлы нәубет ” кезеңі белең алды . Осыған орай шараның басы қасында жүрген Жоғары колледж директорының тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары ,аяулы ұстаз апайымыз Ақжігітова Бибігүл Жақсыбаевна жастарға тәрбие беру мақсатында тебірене сөз алды. Жәнеде аталмыш оқу орны Жоғары колледж оқытушылары тарих,педагогика ғылымдары магистрлері Сақтағанова Айдана Нұрашевна “1937-1938ж. Сталиндік репрессиялар ” және Абдукаримов Нұралы Қабисұлтанұлы ” “Алаш”ұғымын Арынан биік қойған Арыстар! ” атты тақырыпта оқытушыларымыз Қылышынан қан тамған “Қызыл империяның ” саяси жүйесін көз алдымызға келтіргендей баяндама жасады. Аталмыш шарада тыңдаушы білім алушымен оқытушы,көрермендер «Саяси қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарының» зұлмат замандағы тағдырымен,Алаш қоғамы Арыстары тарихымен танысты.