04210100 Құқықтану
Шифр – мамандықтың атауы:
04210100 Құқықтану
Біліктілігі:
4S04210101 Заңгер
Оқу түрі, мерзімі:
Күндізгі: 2 жыл 10ай.1 жыл 10 ай.
Кәсіби қызметінің нысандары:
Түлектің кәсіптік қызметінің нысаны болып әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси саласындағы құқық қолдану қызметіндегі:
- заңи маңызы бар оқиға мен әрекеттер;
- мемлекеттік институттар функционалдау саласында пайда болатын құқықтық қатынастар;
- мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалра арасында пайда болатын құқықтық қатынастар.
Кәсіби қызметінің пәні:
Құқықтық нормалар; құқықтық маңызы бар оқиғалар мен іс-әрекеттер; мемлекеттік және мемлекеттік емес институттардың қызмет ету саласында туындайтын құқықтық қатынастар; Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары, жеке және заңды тұлғалар арасындағы құқықтық қатынастар.
Кәсіби қызметінің түрлері:
- мемлекеттік органдар мен мекемелердегі ұйымдастырушылық – басқару қызмет;
- ішкі істер органдарындағы, ұлттық қауіпсіздік органдары, прокуратура, сот органдары және т.б.
- адвокат ретінде заң көмегін жүзеге асыру.
Практика базасы:
«Ақтөбе» нотариалдық округінің нотариусы.