07240700 Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау және бұрғылау жұмыстарының технологиясы
Техникалық және кәсіптік білім
Білім беру коды және бейіні:
07240700 Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау және бұрғылау жұмыстарының технологиясы
Шифр – мамандықтың атауы:
0801000 – Мұнай және газ скважиналарын бұрғылау және бұрғылау жұмыстарының технологиясы (бейіні бойынша)
Біліктілігі: 4S07240702 Техник-технолог
Оқу түрі,мерзімі:
Күндізгі: Негізгі орта білім базасында 3жыл 10 ай
Жалпы орта білім базасында 2жыл 10 ай
Кәсіби қызметінің нысандары:
Аталған мамандық мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау технологиясы мен сол кезде қолданылатын бұрғылау құрылғыларын, бұрғылау ерітінділерін дайындау, тазалау және химиялық өңдеу технологиясын, ұңғымаларды бекіту мен цементтеу технологиясы, өндірістік қабаттарды ашу және байқар көру технологиясы мен бұрғылау құжаттарын зерттеуді оқытады. Бұрғылаушы мұнай-газ ұңғымаларын пайдалану, өндіру, барлау, іздеу туралы толық білім алып шығады және геобарлау операцияларына қатысады.
Кәсіби қызметінің пәні:
Техник – технологтың кәсіби қызметінің нысаны – мұнай және газ өңдеу зауыттарындағы қондырғылардың технологиялық процестері, мұнай және газ өнімдерінің күрделі талдауларын өткізу. Техник – технолог процестердің технологиялық параметрлерін бақылап, реттейді, технологиялық жабдықтарды апатсыз пайдалану бойынша бригада жұмыстарын ұйымдастырады, шикізат шығындарының, көмекші материалдар мен реагенттердің мөлшерлерін бақылайды, шикізат сапасы мен өнімнің соңғы сатыларын бақылайды. Сызбаларды оқып, техникалық құжаттармен жұмыстанады, компьютерді меңгереді.
Кәсіби қызметінің түрлері:
- Процестің технологиялық режімі нормаларын бақылап, реттеу;
- Шикізат шығындарын, көмекші материалдар мен реагенттердің тиімділігін үйлестіру;
- Жұмыс орнында жұмысшылармен нұсқаулықтар беруді ұйымдастыру және өткізу;
Практика базасы:
Кен орындары