Студенттік өзін-өзі басқару

Студенттік өзін-өзі басқару

Қыркүйек. Қ.Жұбанов атындағы АӨУ-нің Жоғары колледжінің  студенттік сенаторы Жасұланов  Азамат  колледжді жаңа толқын өнерлі жастарымен толықтыру мақсатында «Біз талантты жастарды іздейміз» атты онлайн конкурсын өткізді. Өзіңді шыңдауға деген мүмкіндіктен айырылып қалма,  Биіктерді бізбен бірге бағындыр,  Бойыңдағы өнерді көрсететін уақыт келді, құрметті студент, егер сенің бойында төмендегідей өнер болатын болса , біздің ең үздік, талантты белсенділердің қатарына қосылуға шақырамыз деп үнеу тастады.

Қазан. ҚАРТТАР КҮНІ! Колледждің белсенді білім аушылары “Қазыналы қартқа қолыңды бер, қариялы жасқа жолыңды бер”, – деп қариясын қазынаға балаған халқымыз қашанда үлкендерге құрметпен қараған. “Сіздерсіңдер бүгінгі ұлықпандар, Мың жасаған ұрпақпен ұлық жандар.Қарттар тарих, қазына, ел қазығы, Ей, адамзат, осыны ұмытпаңдар”,- деп ақын жырлағандай, ұрпақтар сабақтастығы адамдар арасындағы қоғамдық қатынастың маңызды бір буыны.” Кәріге құрмет – кішіге ізет”, – деген, бұл жалғастықтың алтын тіні ешқашанда үзілмеуі тиіс. Сіздерді 1 қазан – Қариялар күнімен құттықтаймыз!  Аға буынға құрмет көрсету, олардың өнегелі өмірін кейінгі ұрпаққа насихаттау – біздің басты міндеттеріміздің бірі. Ұлттық салт- санаға негізделген, кейінгі ұрпақ тәрбиесінде ерекше орынға ие осынау мереке барша жанның жүрегіне  жылулық беретіні анық.  Қайнаған еңбек пен күзгі ырыс- молшылықтың маусымымен орайлас келген осынау тамаша күнде Сіздерге құрмет көрсетіп, ақ тілегімізді жолдаймыз! Дей отыра, әлеуметтік желілерге бейнеролигін ұсынды.

Қазан. Суденттік сенатор Жасұланов Азаматтың және колледж білім алушыларының ұйымдастыруымен ұстаздарына арнап коледждің инстаграм парақшасынан тікелей эфирде «Мың алғыс, сізге ұстазым!» атты  мерекелік онлайн концертін ұсынды.

Қазан. Суденттік сенатор Жасұланов Азаматтың және колледж білім алушыларының ұйымдастыруымен  “GOLDEN LEAF” фото-видео жарысы өтті. Жеңімпаздар лайк және комментарий арқылы анықталып, дипломдармен марапатталды.

Желтоқсан. Бүгін Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Жоғары колледжінде “Тұғыры биік – Тәуелсіздік” атты мерекелік кеш өтті. Шара барысында колледждің жастар саясатын жүзеге асыру аясында қоғамдық өмірге, жастар бастамалары мен жобаларын ұйымдастыруға қосқан үлестері үшін белсенді студенттерді колледж директоры Дәулет Қантөреұлы Алғыс хатпен марапаттады. Ал колледж оқытушылары білім беру саласындағы жемісті еңбегі мен белсенді қызметі және ұлттық қасиеттер мен құндылықтарды ұлықтау, жастарды рухы биік, намысы берік, білімді тұлға ретінде тәрбиелеудегі үлестері үшін алғыс хатпен марапатталды. Колледждің білім алушылары кеште әсем ән шырқап, би биледі, өлең оқыды. Экраннан еліміздің сонау жоңғар шапқыншылығынан, бергі Тәуелсіздік алғанымызға дейінгі сара жолды бейнебаяннан тамашалады. Кеш соңында бүкіл залдағылар орнынан тұрып, қол соғып “Мен қазақпын ” әнін шырқады.

Сәуір. Студенттердің ұйымдастырушылық қабілетін арттыруға арналған тренинг. Жоғары колледж студенттік сенаторы Жания Қаныбекқызының ұйымдастыруымен студенттердің ұйымдастырушылық қабілеттерін арттыруға, белсенділігін дамыту мақсатында тренинг , сергіту сәттерін өткізді. Жоғары курс белсенділері өзінің активистік өмірге қалай келгенін, қандай қызықты оқиғаларды бастан кешкенін айтты , басқа топ білім алушыларын белсенді, жан- жақты болуға шақырды. Тренинг барысында студенттер арасында ойындар өткізілді . Көздері байланған жігіттер қауымы шарды тауып, ішіндегі тапсырмаларды жұбымен орындады.