Колледж тарихы
Колледж тарихы
«Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің
Жоғары колледжі» ЖШС
«Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Жоғары колледжі» 2018 жылдың 1 маусымында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ректоры, профессор Б.А. Ердембековтың бастамасымен ашылған болатын. Қазіргі таңда колледжде техникалық және кәсіптік білім мамандарын даярлау 12 мамандық бойынша жүргізіледі:
- 01120100 – Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту
4S01120102 – Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиешісі - 01140100 – Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі
4S01140101 – Бастауыш білім беру мұғалімі - 01140500 – Дене тәрбиесі және спорт /
4S01140501 – Дене тәрбиесі пәні оқытушысы - 01140600 – Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
4S01140601 – Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі - 01140600 – Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
4S01140602 – Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі - 01140600 – Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
4S01140605 – Шетел тілі мұғалімі - 01140700 – Информатика
4S01140701 – Бастауыш және негізгі орта білім берудің информатика мұғалімі - 02310100 – Аударма ісі
3S02310101 – Аудармашы - 041101000 – Есеп және аудит
4S04110102 – Бухгалтер-экономист - 04210100 – Құқықтану
4S04210101 – Заңгер - 06130100 – Бағдарламалық қаматамасыз ету (түрлері бойынша)
4S06130103 – Бағдарламалық қамтамасыздандыруды құрастырушы - 07240700 – Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау және бұрғылау жұмыстарының технологиясы
4S07240702 – Техник-технолог
2020–2021 оқу жылында 900 ге жуық білім алушы оқыды. Колледж күндізгі және сырттай оқыту түрлері бойынша да мамандар даярлайды, оқыту тілі – мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі.
Күндізгі оқыту бөлімінде – 758 білім алушы, сырттай оқыту бөліміне 160 студент білім алды.
2020–2021 оқу жылында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Жоғары колледжінен 181 студент оқу бітірді.
Ал қазіргі таңда 2021–2022 оқу жылы бойынша күндізгі бөлімде – 1140 студент, оның ішінде 115 білім алушы мемлекеттік тапсырыс бойынша, сырттай бөлімде – 145 білім алушы бар.
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Жоғары колледжі институционалды аккредиттеуден 2021 жылы өтті. 2021 жылы қабылданған мамандықтар бойынша лицензиялары бар.
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Жоғары колледжінің 2021 – 2022 оқу жылындағы оқытушылар саны: 44
Сапалық құрамы жағынан PhD докторы – 1; Кандидат оқытушылар – 3; Ғылыми магистірлік дәрежесі бар оқытушылар саны – 9; Жоғары біліктілік санатты оқытушылар – 5; Модератор оқытушылар – 1.