Жеңіс күніне 75 жыл.

Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ –нің Жоғары колледж ұжымының ұйымдастыруымен «Ұлы Жеңіс – ұрпаққа аманат» атты ғылыми – тәжірибелік конференция болып өтті. Ұлы Отан соғысында құрбан болған аталарымыз бен әкелеріміздің рухына, бүгінде ортамызда жүрген Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің құрметіне арналған шараға Әлия – Мәншүк атындағы «Қос шынар» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Әлиятанушы, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік өңірлік педагогикалық институтының қурметті профессоры, «Құрмет» Орденінің иегері Ғалымжан Ермағамбетұлы Байдербес қатысып, білім алушыларға рухани – танымдық тұрғыда тарихи ақпарат берді.
Бұл күннің қадірін біз енді қайтып оралмайтын миллиондардың қанымен қастерлеп, ұрпақтан ұрпаққа салмағы мен салтанатын арттырып жеткізе беретін боламыз. Елбасымыз айтқандай, енді тек ел тыныш болып, тәуелсіздік одан әрі тұғырлана бергей!