Қ.Жұбанов атындағыАқтөбе өңірлік университетінің “Үздік куратор-эдвайзер 2021” сайысы өз мәресіне жетті. Жоғары колледжден қатысқан топ кураторлары Шамен А.А., Ибрагимов Т.А., Кельбетова С.Ж. тәрбие жұмысын ұйымдастыруда жоғары деңгейлі нәтиже көрсетіп, үздік екендерін дәлелдеді. Ректордың Алғыс хатымен, ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар, Ибрагимов Т.А. Ақтөбе қаласы мәслихатының депутаты Мира Балтымованың арнайы сыйлығына ие болды. Құттықтаймыз! Биік белестерді бағындырып, колледж абыройын арттыра беріңіздер! Дәстүрге айналған үздіктер сайысын ұйымдастырушы университетіміздің Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты департаментіне үлкен Алғыс айтамыз!