WorldSkills Kazakhstan-2021

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы жұмысшы мамандығының танымдылығын және қоғамдағы беделін арттыру, бизнес өкілдерінің жұмысшы мамандығына сұранысын арттыру мақсатында «WorldSkills Kazakhstan-2021» ұлттық чемпионатының облыстық кезеңі өткізілді.


«WorldSkills Kazakhstan» чемпионаттың миссиясы — жастарды халықаралық стандарттар негізінде техникалық мамандықтар бойынша өндіріс орындары саласын жоғары технологияны жетік меңгерген мамандармен қамтамасыз ету механизмін құру.
WorldSkills қозғалысы еліміздің жас мамандарына алған кәсіби дағдылары мен құзыреттіліктерін көрсетуге мүмкіндік береді.
Колледжіміздің намысын қорғаған білім алушыларымыз мен жетекшілерін 🌷 жүлделі орындарымен құттықтаймыз 🌹