Диплом табысталды

Бүгін Жоғары колледж түлектеріне диплом табысталды.
2018 жылы бой көтерген колледждің кең көлемдегі алғашқы түлектері: “құқықтану”, “бастауыш білім беру”, “негізгі орта білім беру”, “дене тәрбиесі”, “аударма ісі” мамандықтары бойынша ресми құжаттарына ие болды.


Түлектерге дипломды ректордың академиялық қызметтері бойынша көмекшісі Бибігүл Сейілқызы мен колледж директоры Бақыт Сағындыққызы табыстап, жас мамандардың алдағы еңбек жолдарына табыс тіледі.
Жас маман, өмір жолдарыңыз ашық, еңбектеріңіз жемісті болсын!!!