Жұбанов университетінің Жоғары колледж директоры лауазымы міндетін енді Айдын Әбденов атқарады.

Жұбанов университетінің Жоғары колледж директоры лауазымы міндетін енді Айдын Әбденов атқарады. Басқарма төрағасы-ректор Лаура Қарабасова жаңа басшыны колледж ұжымына таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі.

Айдын Әбденов бұған дейін Жұбанов университетінде «География және туризм» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарып келді. Ол университеттің 2006 жылғы түлегі.

2009 жылдан бастап Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты «Тарих» факультетінің «География» кафедрасында оқытушы болып еңбек жолын бастады. 2010 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде тарих ғылымдарының кандидаттық диссертациясын қорғаған. Әртүрлі жылдары тарих факультетінің оқу ісі жөніндегі декан орынбасары, тарих факультетінің ішкі және халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасына жауапты координатор, «Турист және өлкетанушы» студенттердің ғылыми үйірмесінің жетекшісі, Қазақстандық Ұлттық Географиялық Қоғамы мен Қазақстанның Салыстырмалы Педагогика Кеңесінің мүшесі, тарих факультеті тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары қызметтерін атқарған.