1401000 – Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану
Шифр – мамандықтың атауы:
1401000 – «Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану»
Біліктілігі:
140121 3 «Құрылыс-технигі»
Оқу түрі,мерзімі:
Күндізгі: Негізгі орта білім базасында 3жыл 6 ай
Жалпы орта білім базасында 2жыл 6 ай
Кәсіби қызметінің нысандары:
Аталған мамандық материалдық өндіріс саласы; негізінен әр түрлі үйлер мен ғимараттарды салумен, салынып жатқан нысандарды іске қосуға байланысты жабдықтарды монтаждаумен шұғылданады.
Құрылыстың бір ерекшелігі сол, мұнда құрылыс-монтаж ұйымдары өнеркәсіп орындары сияқты өнімді қорға немесе қоймаға арнап шығармайды. Құрылыс ашық жерде және әр түрлі табиғи ортада жүргізіледі. Сондықтан да құрылыс нысандарының, жұмыстардың өндірістік циклі бірнеше айдан бірнеше жылға дейін созылады. Құрылыс елдің мәдениетін және экономиканың барлық саласын дамытуға мүмкіндік береді.
Кәсіби қызметінің пәні:
- Жобаланған сызу мен сызба геометрияның амал – тәсілдері, қағидаларын практикада қолдану;
- Негізгі электротехниканы білу және ғимаратты электрмен жабдықтаудың негізгі есептерін жасау;
- Құрылыс практикада қолдану және оларды қабылдау мен қоймаға сақтау ережелерін, шығынды үнемдеу бойынша қойылатын талаптарды білу;
- Құрылыс ұйымдарының материалдары менбұйымдарының қолданылу аясы мен негізгі қасиеттері жайлы білімдерін (мекемелерінің) қызметін ұйымдастыру және жоспарлау жайлы білу;
- Құрылыс ұйымдарын басқару негіздерін білу;
Кәсіби қызметінің түрлері:
- Құрылыс сызбаларын қолмен және компьютерлік графикамен жасау;
- Құрылыс ұйымының экономикалық қызметінің негізгі көрсеткіштерін есептеу;
- Нарық жайлы мәліметтерді пайдалану, тауар атауларын, тауар қозғалысы мен өтімін анықтау.
Практика базасы:
Құрылыс орындары