Колледж ұжымының кезекті онлайн жиыны

2020 жылдың 27-наурыз күні колледж директоры Г.Н.Үйсінбаеваның басшылығымен кезекті онлайн жиыны өткізілді.

Жиынға колледждің барлық оқытушылар құрамы қатысты.

Жиын барысында қашықтан оқыту форматының жүйесі жан-жақты қарастырылып, білім алушыларға сапалы білім беру процесінің үзілмеуі басты назарға алынды.

Жиын бағдарламасына сәйкес, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.К.Сырашова “EduPage” жүйесінің қызметтік функцияларын және тиімді қолдану тетіктерін түсіндірді.

Жиын соңында, колледж директоры Г.Н.Үйсінбаева әрбір топтың жетекшілеріне білім алушылардың сапалы білім алуын және бос уақыттарын тиімді пайдалану жолдарын басты назарда ұстау керектігі туралы тапсырма берді.