Cұхбат

ҮЗДІКСІЗ БІЛІМ БЕРУ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ, ТАКИШЕВА ГУЛБАНУ АҚЫЛБЕКҚЫЗЫ, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент.

Қазіргі таңда республикамыздағы ахуалға байланысты, 16-наурыздан бастап Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің Үздіксіз білім беру институты қашықтан оқу технологиялары негізіне ауысты.

Қашықтықта отырып, онлайн-конференция формасында сабақ жүргізу тренерлер үшін ақпараттық технология саласындағы цифрлық білім беру платформаларының жетістіктерін оңтайлы пайдалана отырып, оқытудың онлайн жаңа әдістеріне машықтануға мүмкіндік жасады.

Қашықтан оқыту тыңдаушылар үшін де, тренерлер үшінде де өз тиімділігін көрсетуде. Оқыту процесіне арналған онлайн бағдарламалар мен заман талабына сай жүйелердің арқасында тығыз байланыс үзілген жоқ.