Білім алуға ешқандай кедергілер жоқ!
Елге туған сын сағаттарда мемлекеттің қай саласында болмасын, тез әрі ұтымды шешім қабылдай білу, ситуацияны басқару және қиындықтан шыға білу, жаңа жағдайларда жұмыс жасай білу және тәуекелді басқара білу – кез келген уақытта қажет тактикалық қадамдардың бірі.
Осындай уақытта алғашқылардың бірі болып жаңа жағдайға бейімделген салалардың бірі – білім беру саласы.
Республикамызда төтенше жағдай жариялануына байланысты, 16 наурыздан бастап Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің Жоғары колледжі қашықтан оқу технологиялары негізіне көшті.
Қашықтықта отырып, онлайн-конференция формасында сабақ жүргізу оқытушылар үшін ақпараттық технология саласындағы цифрлық білім беру платформаларының жетістіктерін оңтайлы пайдалана отырып, оқытудың онлайн жаңа әдістеріне машықтануға мүмкіндік жасады.
Оқытуды жаңа күйге көшіру, оқу процесін тоқтатқан жоқ. Бұл жағдайда оқу процесіне мониторинг жасауға да толық мүмкіндік бар және мониторинг жұмыстары күнде жасалады.
Оқыту процесін жан-жақты қамту мақсатында қазіргі таңда «Edu Page» платформасы арқылы жүзеге асуда. Жаңа тақырыптарды білім алушыларымыз толық деңгейде игеру мақсатында «ZOOM» видео-конференциялық желісі арқылы оқытушылармен байланыс орнатуда.
Оқу ісі және оқу-өндірістік жұмыстары жөніндегі директордың орынбасары ретінде қашықтан оқыту форматы өзімнің қызметтік функцияларымның толығымен жүзеге асыру барысында ешқандай қиындық туғызбады.
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің Жоғары колледж директорының оқу ісі және оқу-өндірістік жұмыстары жөніндегі орынбасары Сырашова Галия Кантуревна.