Онлайн ата-аналар жиналысы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 15 наурыз 2020 жылғы Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы Жарлығына сәйкес, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялауына байланысты азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының барлық аумағында 30 тәулікке созылатын төтенше жағдай енгізілді.
Сондай-ақ, орта мектеп оқушылары демалысқа жіберіліп, арнайы кәсіптік білім беру мекемелері мен ЖОО-ның студенттері онлайн қашықтан оқыту жүйесіне көшкен болатын.
Осыған орай, 2020 жылдың 27-наурыз күні сағат 18:00-де «Құқықтану» мамандығының ПК-204 тобының жетекшісі А.Ж.Конысовтың ұйымдастыруымен «ZOOM» видео-конференциялық байланыс арқылы «ОНЛАЙН АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ» өткізілді.
Жиналыс барысында қазіргі таңдағы онлайн қашықтан оқыту жүйесі туралы ата-аналарға кеңес берілді. Білім алушылар күнделікті оқу үдерістен қол үзіп қалмауы үшін «EduPage» бағдарламасы арқылы оқу процесі жалғасып жатқандығы туралы мәлімделді. Аталған бағдарламаның қызметтік функцияларын және құрылымы туралы ата-аналарға толық әрі жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді.