“Арнайы пәндер” бірлестігінің жоспарланған кезекті отырысы
Елімізде болып жатырған төтенше жағдайларға байланысты, біздің колледжіміз қашықтықтан білім алуда. 03.04.2020 күні < Арнайы пәндер> бірлестігінің жоспарланған кезекті отырысы- <ZOOM> бағдарламасы арқылы өтті.Бірлестік төрайымы Ж.Ж.Мырзағұлованың ұйымдастырылуымен төмендегі мәселелер күн тәртібіне қойылды:
1.Оқытушылардың қашықтықтан оқытуды тиімді өткізу жолдары.
2.Емтихандар мен сынақтар өткізілу формасын жоспарлау.
3.Видео сабақтар түсіру арқылы сабақтардың сапасын арттыру.
Отырысқа директордың оқу және оқу- тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Ғ.К.Сырашова да қатысып, ПЦК оқытушылары тарапынан туындаған сұрақтарға жауап берді