Кезекті онлайн отырысы

Жоғары колледж директордың оқу және оқу өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары Г.К.Сырашованың ұйымдастыруымен ZOOM платформасында бейне-байланыс бойынша әдістемелік кеңес отырысы өткізілді. Әдістемелік кеңес мүшелерімен «Пандемия кезіндегі білім беру ұйымдарда COVID-19 короновирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі шараларды күшейту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 14 наурыз 2020 жыл № 108 бұйрығына сәйкес «Пандемия кезеңінде короновирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында техникалық, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыру жөніндегі» әдістемелік ұсынымдарды басшылыққа ала отырып, білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттауды ҚБТ бойынша ұйымдастыру іс шаралары талқыланып, белгіленді. EduPage платформасы арқылы емтихан, бақылау материалдарын салу және өткізу бойынша түсіндірме жұмыстар жүргізілді.