Қашықтықтан оқытудағы студенттердің қатысуы

Жоғары колледж оқу бөлімінің меңгерушісі А.Н.Жангелдинаның ұйымдастыруымен ZOOM платформасында «Қашықтықтан оқыту бойынша білім алушылардың сабаққа қатысымы, ағымдық және аралық атестаттау мәселелері, ZOOM платформасында бейне-байланыс» тақырыбында топ кураторларымен, емтихан алушы пән оқытушыларымен жиналыс өткізілді.Елімізде болып жатқан төтенше жағдайға байланысты қашықтықтан оқыту жүйесіне көшуімізге сәйкес консультация (кеңес беру) ZOOM платформасы, емтихан EduPage платформасы арқылы онлайн тест түрінде өтілетіндігі жөнінде, бағалау шкаласына кеңірек тоқталды. Топ кураторларына білім алушылардың толық қатысымын қамтамасыз етілуін қадағалау және оқу ақысы жөнінде ақпарат берілді.