Жалпы колледжішілік ата-аналар жиналысы

Баршаңызға мәлім, қазір бүкіл әлем өте күрделі ахуалды бастан өткеруде. Біздің де елімізде болып жатырған төтенше жағдайларға байланысты Жоғары колледж 16 наурыздан бастап қашықтықтан білім алуда.Осыған орай, Жоғары колледж білім алушыларының ата-аналарының ұсыныстары мен өтініштерін қабылдау мақсатында, 2020 жылдың 27-30 сәуір аралығында колледж директоры Г.Н.Үйсінбаева “жалпы колледжішілік ата- аналар жиналысын”өткізеді.Тікелей онлайн кездесу “ZOOM” платформасы арқылы өтеді