«Қазақстан – бар ұлысқа шаңырақ» атты онлайн дөңгелек үстел
29 сәуір 2020 жылы Zoom платформасы арқылы Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-нің Жоғары колледжі мен Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен «Қазақстан – бар ұлысқа шаңырақ» атты онлайн дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел қонақтары : Үздіксіз білім беру институтының директоры Такишева Гульбану Ақылбекқызы, Ақтөбе облысы әкімінің аппараты қоғамдық келісім мекемесінің сарапшы маманы Сапаров Түлкібай Тынышұлы, Қ. Жұбанов атындағы АӨМУ- нің Қазақстан халқы Ассамблеясы жəне əлеуметтік саяси пəндер кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты Сəрсембин Үмбетқан Қуандықұлы, Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты департаментінің бас маманы Қожбан Айгүл Сексенқызы, Член правления «Ассоциации корейцев Актюбинской области», художественный руководитель творческого коллектива при корейском этнокультурном объединении- Ажгалиева Галина Леонидовна, Участница народного хора «Русская песня» и солистка вокальной группы «Сударашки» Штемпина Наталья Сергеевна және Актөбе қаласының “Шатлык” татар башкорт этномәдени орталығының “Мирас” жастар қанатының мүшесі , Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-нің студенті Исхакова Розалия Аликовна. Дөңгелек үстел барысында студенттер өзара түсіністік, ұстамдылық, әр түрлі ұлттар өкілдерінің рухани және мәдени құндылықтарына құрметпен қарау , барлық этностарға ортақ жалпы халықтық идеалдар мен қасиеттерді қалыптастыру жайлы баяндамалар дайындады.