«Іс шараны өткізудің инновациялық форматтары» тақырыбында онлайн курс
Елімізде орын алған төтенше жағдайға байланысты білім ордалары қашықтан оқытуға көшкені мәлім. Әрдайым ізденісте жүретін, кәсіби дамуға ұмтылатын бәсекеге қабілетті маман өзінің негізгі қызметінен үзілмей жаңа білім алу жолдарын іздестіреді. Сондықтан өз шәкірттеріне сапалы нәтижелі білім беруді мақсат еткен әр ұстаз өз тәжірибесін жаңашылдық арнасына бағыттап, әр әдісін тиімді қолдануы шарт.
Осы орайда Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің Үздіксіз білім беру институтының жоспарына сәйкес «Іс шараны өткізудің инновациялық форматтары» тақырыбында онлайн курс болып өтті. Курсты п.ғ.к., доцент З.У Адилшинова іс – шара өткізудің инновациялық форматтары: презентация, коучинг, семинар, вебинар, жеке кеңес өткізу, басқару жиналыстары туралы ақпараттар бере отырып, оқу – тәрбие салаларындағы қолдану тиімділігіне тоқталды. Курс барысында берілген мәліметтерді практикамен ұштастыра қолдана білсек ұрпақ тәрбиелеу жолындағы еңбегіміз жемісті болмақ деп ойлаймын. Барша әріптестеріме сәттілік пен нәтижелі жұмыс тілеймін.