30 тамыз сағат 11.00- де Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Жоғары колледжінде “Біздің өміріміздің басты Заңы” атты онлайн дөңгелек үстел болып өтті. Дөңгелек үстелді құттықтау сөзімен директор Үйсінбаева Гүлжан Нұрланқызы ашып берді. Дөңгелек үстел қонағы: Ақтөбе облысы ҚХА жанындағы Қоғамдық келісім КММ маманы Сапаров Т.Т. Ата заңымыздың маңыздылығы туралы ой тербетсе, тарих пәнінің оқытушылары Сактаганова А.Н. және Абдукаримов Н.К. мазмұнды баяндамаларымен сөз кезегін алды. Дөңгелек үстелдің мақсаты – білім алушылармен Қазақстан Республикасының Ата заң баптарындағы руханият, адам құқықтары мен бостандықтарының кепілі, қазақстандық патриотизмді одан әрі нығайту мәселелері бойынша ой пікірлерді ортаға салу.