Оқытудың заманауи бағыттары – жаңа дәуір дамуының негізі

1 қыркүйек Білім күні Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Жоғары колледжі 1 курс студенттеріне арнап “Оқытудың заманауи бағыттары – жаңа дәуір дамуының негізі” атты тікелей эфир өткізді. Үздіксіз білім беру институтының директоры Г.А.Такишева құттықтау сөз сөйлеп, колледждің 2 курс студенті А.Т.Танабергенге Меценат “Нұран” ЖШС басшысы Мурзабеков Жандос Нурановичтің 120 мың теңгелік “Бір жылдық тегін оқыту” сертификатын табыстады. Жас мамандар Жақсылық Әлихан жыр шумағын жолдаса, Зинедина Айерке өз тілегін жеткізді.