Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауы талқыланып
2020 жылдың 11 қыркүйегі күні 010502 3 «Информатика пәнінен бастауыш білім беру мұғалімі » 406 және «Бастауыш білім беру мұғалімі» мамандықтарының 203/1 тобында ZOOM платформасында кураторлық сағат өткізілді. Ватсап желісінде кері байланыс орнатып, әр студент өз пікірлерін жазып, өзара байланыс орнатып отырды. Топ білім алушыларына мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауы талқыланып, топ білім алушылары «Цифрландыру – барлық реформаның негізгі элементі» , «Денсаулық сақтау саласын дамыту», «Қолжетімді әрі сапалы білім» тақырыбында көп пікірлер білдіріп, өз ойларымен бөлісті.2020 жылдың 11 қыркүйегінде ДТ202, ДТ202А топтарының кураторы, оқытушы А. Н.Сақтағанова zoom платформасында “Дене тәрбиесі және спорт” мамандығының студенттерімен кураторлық сағат өткізді. Кураторлық сағаттың тақырыбы Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы болды. Студенттер Жолдаумен танысты, оның барысында талқылау болды. ХІ-тарауға Ұлттың жаңа сапасына ерекше мән берілді.