Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің 85 жылдығына орай шағын футболдан 1 курс студенттері арасында өткізілген турнирде Жоғары колледж командасы жүлделі 3 орынға ие болды! Ал команда мүшесі Оңғарбаев Дидар “үздік ойыншы ” атанды. Команда жаттықтырушысы Құлтай Азамат.Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Ы.Көлдеева Жоғары колледж директоры Такишева Гулбану Ақылбековнамен колледж білім алушыларының ZOOM платформасында кездесулерін өткізді, кездесу барысында қашықтықтан оқыту режимімен білім алушылардың оқыту процессі, кері байланысы, оқу ақысы, сессияға байланысты сұрақтарына жауаптар алынды. Кездесу соңында Гүлбану Ақылбековна білім алушыларға сұрақтар мен ұсыныстар үшін алғысын білдірді, сондай-ақ санитария мен гигиена нормаларын сақтау режимін еске салып, біз пандемияны ортақ күш-жігермен жеңетінімізді айтты. Мұндай кездесулер білім алушыларға колледж директорымен өздерін қызықтырған тақырыптар бойынша сөйлесуге және өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алуға, өз ұсыныстарын жасауға мүмкіндік беретін шара.