Жұбанов университетінің профессорлық-оқытушылық құрамы мен  қызметкерлері арасындағы спартакиада өз мәресіне жетті. Бір айға созылған спартакиадаға қатысушылар 9 спорт түрінен додаға түсті. Өздерінің спорттық даярлықтары мен шеберліктерін көрсетуге 400-ге жуық  астам қызметкерлер мен оқытушылар ниет білдірген. Білім ордасының 85 жылдық мерейтойын мерекелеу  мақсатында ұйымдастырылған додада ұстаздар мен қызметкерлер стритбол, ату, дартс, үстел теннисі, шағын футбол, волейбол, шахмат сияқты спорт түрлері бойынша сынға түскен болатын. Айтулы додада топ жарған, атап айтсақ үстел теннисінен 1 орын, тоғызқұмалақ 1 орын, волейболдан ерлер командасы 1 орынды иеленген Жоғары колледж оқытушыларын университет ректоры Бауыржан Ердембеков  марапаттап, алғыс хаттарды табыс етті. Тұрақты ұйымдастырылатын дәстүрлі доданың қорытындысы бойынша жүлделі үшінші орынды университеттің Жоғары колледж ұжымы жеңіп алды. Қатысушылар мен командалар алғыс хаттармен және кубоктармен, ақшалай сыйлықтармен марапатталды.