Футбол алаңы ашылды

2021 жылдың 14 мамырында Еліміздің Тәуелсіздігіне 30 жыл, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетіне 85 жыл толуына орай Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Жоғары колледжінде шағын футбол алаңының ашылу салтанаты өтті. Университетіміздің Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры Бердібаев Нұржан Мақсатбайұлы футбол алаңының лентасын кесіп, құттықтау сөзін жолдады.

Салтанатты рәсімге Ақтөбе облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының Жоғары спорт жетістіктері және спорт резерві бөлімінің басшысы Ермекбаев Айбат Асқарұлы, «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығы спорт және салауатты өмір салтын қалыптастыру бөлімінің әдіскері Имагамбетов Манас Абайбекұлы қатысып, Ақтөбе облыстық футболдан мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиада резерві спорт мектебінің оқу ісі жөніндегі орынбасары Тажигулов Дархан Өмірсерікұлы құттықтау сөздерін жолдады.

Рәсім соңында колледж директоры Кульбаева Бақыт Сағындыққызы келген қонақтарға алғыс айтып, тілегін білдірді. Алғашқы жолдастық кездесу Жоғары колледж бен тарих факультетінің студенттік командалары арасында өтті. Ойын қорытындысы бойынша 4:2 есеппен Жоғары колледж командасы жеңіске жетті.


Университетіміз бен колледжіміздің осындай жағымды жаңалықтары көп бола берсін! Спортшыларымыздың бабы мен бағы жана берсін!!!